ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аппарат кеңесін өткізіп, букмекерлік кеңселердің бақылаусыз жарнамасына қарсы шараларды әзірлеуді тапсырды
Асхат Оралов туризмді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі тармақтары туралы айтты
Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды
Соңғы 2,5 жылда Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 есе, 38-ден 16-ға дейін қысқарды
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу мәселелері бойынша отырыс өткізді
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Qazaq кuresi қауымдастығының президенті болып сайланды
Қазақстандық параатлет Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанып, Париждегі Паралимпиадаға жолдама алды
Қазақстандық жас орындаушы Шерхан Арыстан «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп жатқан «Витебск» XXI халықаралық балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды.