ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ VIII САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНДА БЕРГЕН ТАПСЫРМАСЫ
29 наурыз 2023 ж.
АЙТЫЛДЫ:
«Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн».
ОРЫНДАЛДЫ:
- Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі іске қосылды.
- Шетелдік әрбір турист үшін туроператорлардың шығындары субсидияланады.
- Kids go free бағдарламасы бойынша отбасылық демалыс пакетінде балаларға ел ішінде ұшақ билетін сатып алу шығыны субсидияланады.
- Кәсіпкерлердің тау шаңғысы жабдықтарын, туристік көлік құралдарын сатып алу шығындары 25%-ға дейін өтеледі
- Жол бойындағы сервис және туристік нысандарды салу немесе реконструкциялау шығындарының 10%-ы субсидияланады.
- Санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындары өтеледі. Оның сомасы айына 83 300 теңгені құрайды.