ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Қазақстанда глэмпинг кешендерінің саны 38-ге дейін өсті. Олар еліміздің 8 өңірінде бар. Бір жыл бұрын глэмпингтердің саны 28 бірлікті құрады
  • 2023-2024 оқу жылына арналған «Кітапхана және архив ісі, ақпаратты өңдеу» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 5 есе ұлғайды. Осыған дейін аталған мамандықтарға 20 грант бөлінген болатын
  • Кенесары ханға тиесілі болған қасиетті Құран Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына берілді. ҚР МСМ жанындағы Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Кенесары ханның Құран кітабына реставрация жасайды. Осыдан кейін кітаптың 4 көшірмесі жасалады, ал күзде жәдігер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде өзінің құрметті орнына қойылады
  • Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 39 шығарма түскен. Конкурсқа қатысушылардан өтінімдер aiboz.kz сайты арқылы 1 қыркүйекке дейін қабылданады
  • Елорда күні қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ауқымды мерекелік концерт өтті. Сахнада отандық эстраданың жарқын жұлдыздары өнер көрсетті
  • Пара волейболдан Қазақстан құрамасы 28 жылда алғаш рет паралимпиадаға жолдама алып, Астанада өткен Азия чемпионатының финалына шықты. Турнирге 8 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға құттықтау хат жолдады
  • ҚР МСМ қолдауымен өтіп жатқан «Опералия» халықаралық фестивалі аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің артистерінің қатысуымен «Астана Опера» театрының сахнасында ауқымды концерт өтті.