
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 5 шілде сағат 19:00-де Астана қаласы, «Астана Арена» стадионы алаңында Астана күніне арналған Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік концерті өтеді.
Мерекелік шара барысында, Бауыржан Исаев, Әйгерім Алтынбек, Қайрат Түнтеков, Мархаба Сәби, Аргоня, Диная, Қазбек Құрайыш, Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербеков, Енлік Құрарбек, Нұрболат Қанай, Мирас Жүгінісов жәнеде т.б өнер жұлдыздары танымал әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.