"Өнерлі өрен" онлайн байқауының "аспапта ойнау" жанры бойынша (орта топ) жеңімпаздары кімдер?

"Өнерлі өрен" онлайн байқауының "аспапта ойнау" жанры бойынша (орта топ) жеңімпаздары кімдер?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Өнерлі өрен" онлайн байқауының алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Аспапта ойнау жанры бойынша орта топтағы талантты балалардың өнеріне Құрманғазы оркестрінің Бас дирижері, күйші Абылай Тілепберген қазылық етіп, бас жүлде иегерін анықтады. (Айта кетейік, жюри мүшесі өзіне ұнаған 3 үміткерге өз дауысын бере алады)

Сондай-ақ, жүлделі орын алған өнерпаздар желідегі лайк саны арқылы да белгілі болды.

Сонымен, "Өнерлі өрен" байқауының "аспапта ойнау" жанры,(орта топ, алғашқы ондық) жеңімпаздар тізімі:

Бас жүлде: Нұрдәулет САҒАТБЕК (жюри қорытындысы бойынша)

Бірінші орын: Мерей ҒАЗИЗҚЫЗЫ (әлеуметтік желіде 345 балл)

Екінші орын: Көркем ОЛЖАСҚЫЗЫ (әлеуметтік желіде 273 балл)

Үшінші орын: Нұрлан МҰРАТҰЛЫ 

Айта кетейік, бұл жанр бойынша Олжас МҰРАТҰЛЫ, Азамат ШАКИМҰРАТ, Каусар КАРСАЕВА, Ерхас ҚАЙЫРХАН, Маржан ҚАЛИ және Александр АНТОНОВ  өз өнерлерін көрсетті.