ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  •  Ірі туристік агрегатордың дерегі бойынша жаз басынан Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жуық өсті. Атап айтқанда, Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржарға демалушылар тарапынан үлкен қызығушылық бар. Осы бағыттар бойынша туристер Қазақстанның шығысындағы курортты аймақтар мен жағажай демалыс орындарына жетеді
  • ҚР Мәдениет және спорт министрі қазақстандықтарды Құрбан Айт мерекесімен құттықтады
  • Осы жылдың басынан 3670 интернет-казино бұғатталды. Сондай-ақ, сот шешімінің негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылды. Оған лицензиялық алымды төлеу бойынша қарыздар, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да заң бұзушылықтар негіз болған
  • 16 жасқа дейінгілер арасында баскетболдан Қазақстан құрамасы Самарқандта (Өзбекстан) өткен Орталық Азия баскетбол қауымдастығының (CABA) іріктеу турнирінде жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан командасы 17-24 қыркүйек аралығында Дохада (Катар) өтетін Азия Кубогының финалдық кезеңіне CABA аймағынан жалғыз жолдама алды
  • ҚР Мәдениет және спорт министрі Qazsport телеарнасының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады
  • Қазақстанда осы жылдың соңына дейін түрлі көлемдегі 21 халықаралық турнир, соның ішінде балалар-жасөспірімдер және параспорттық жарыстар өтеді
  • Вице-министр Ержан Еркінбаев Алматы облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, туристік нысандарды сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету, Bed Tax және басқа да мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, ол «Алтынемел» ұлттық паркінде жаңа визит-орталықтың ашылуына қатысты
  • Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов азаматтарды қабылдады. Кездесуде қазақстандық кітап шығарушылар үшін қосымша құн салығын төмендету мәселесі көтерілді
  • Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Онда кітапханашылардың мәртебесі, кітап баспасы саласының мәселелері және басқа да тақырыптар талқыланды. Ұлттық домбыра күніне орай вице-министр өңірдің мәдениет қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті
  • 2023 жылдың I тоқсанында СҚО-ға 24 мың турист келді, қонақ үй қызметтерінің көлемі 28%-ға өсіп, 360 млн теңгені құрады: Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев өңір тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.