Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.

"Құрметті отандастар!

Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан - барша мұсылманның жүрегінде сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құратын айы. Бұл жан-дүниемізді рухани құндылықтармен байытып, сауапты іске молынан кенелетін берекелі кезең.

Әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты карантинге қарамастан Отыз күндік Оразада жасаған дұғаларыңыз, ізгі ниеттеріңіз бен қарекет-амалдарыңыз қабыл болсын!

Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!,"-деп жазылған құттықтау хатында.