ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қамит Санбаевтың отбасы мен туған туысқандарына көңіл айтты.
"Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан қазақ мəдениетінің, əн өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан дарынды əнші Қамит Санбаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.
Қамит ағамыз саналы ғұмырында халқымыздың ыстық ықыласына бөленген, мақтанышына айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалауға, көптеген жетістіктерге жетуіне атсалысты. Есімі ұжым атауында алтын əріптермен жазылып қалады. Ағамыздың ерен еңбегі мен өнерге деген құштарлығы жас өнерпаздар үшін үлгі.
Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!",-деп жазылған көңіл айту хатында.