ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
Қазақстанның өңірлеріндегі 18 оқу орны мен 60-тан астам көше Мәншүк Мәметова, Роза Бағланова, Өзбекәлі Жәнібеков, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Батырхан Шөкенов және басқа да көрнекті тұлғалардың құрметіне жаңа атаулар алады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ҚР Ұлттық музейінде Парламент депутаттарының, министрлік өкілдерінің, ғалымдар мен жазушылардың қатысуымен республикалық ономастика комиссиясының отырысын өткізді.
Қазақстандық спортшылар дзюдодан Grand Slam жарысын жеті медальмен аяқтады. Біздің құрама 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Отандық спортшылар 21 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық бірінші орынға ие болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған турнир 32 елден 300-ден астам спортшыны жинады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп 200 мың бірлікке арналған архив ғимараттын салу үшін үлгілік жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледі. ЖСҚ дайын құрылыс жобаларының тізіліміне енгізілді. Нәтижесінде әрбір өңір жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 30 млн теңгеге дейін үнемдей отырып, архив ғимараттарын салуға мүмкіндік алды.
«Астана Опера» театрының Үлкен залында «Опералия» халықаралық музыкалық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара 16 шілдеге дейін жалғасады. Бағдарламада опера және балет қойылымдары, сондай – ақ отандық және шетелдік танымал артистердің қатысуымен симфониялық, камералық және ұлттық музыка концерттері бар.
Инфрақұрылымды дамыту және алыс жерлерде қоғамдық экодәретханалар желісін орнату: Қазақстан ОАӨЭЫ туризм жөніндегі жұмыс тобының кеңесіне қатысты. Делегаттар ОАӨЭЫ бағдарламалары мен қызметін одан әрі дамытуды, сондай-ақ бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады.
Креативті индустрияға жататын 43 қызмет түрі мемлекеттік қолдау ала алады: толық тізбе заңмен бекітілген. Тізімге зергерлік бұйымдар, IT және ойын дайындау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фотосурет және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени-демалыс мекемелері кірді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі спортшыларды даярлаудың келесі кезеңіне бергені және топтарды басқарғаны үшін жаттықтырушы-оқытушылар құрамын ынталандыру жүйесін енгізу жөніндегі жобаны әзірледі. Бұл шара балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорт клубтарының, олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледждердің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.
Бірлескен фильмдер шығару, Өзбекстанда қазақстандық кинокартиналарды прокатқа шығару, құрлықтағы өткізу пункттерінде чартерлік туристік автобустардың кедергісіз өтуі үшін жағдай жасау: Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Өзбекстан Республикасында Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында Өзбекстанның Мәдениет және туризм министрімен кездесті.