
23 маусымда күллі әлем спортты насихаттау мақсатында Олимпида күнін атап өтеді. Бұл дәстүр Халықаралық Олимпиада комитетінің 1948 жылы Санкт-Мориц қаласында өткен ХХХХІІ сессиясында бастау алған. Осы ойдың бастамашысы, заманауи олимпиадалық қозғалысты қайта жандандыруға атсалысқан барон Пьер де Кубертен конгресс кезінде сөз сөйлеп, өзінің тарихи баяндамасын ұсынған. Бұл арқылы ХОК-тың негізі қаланған күнді (1894 жылғы 23 маусым) ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің сәті түсті.
Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасымен атаулы күннің Қазақстанда мерекеленіп келе жатқанына 30 жыл толды. Осы күні астана мен өңірлерде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің қатысуымен көптеген іс-шара өтеді.
Бұл қатарда «Олимпиада күні дүниеге келдім» акциясын атап өтуге болады. Мұнда нәрестеге Olympian is born (өмірге олимпиадашы келді) деген жазуы бар киім сыйға тартылып, Олимпиада чемпиондары бейнебайланыс арқылы осы күні дүниеге келген сәбилердің анасын құттықтайды. Бұл бастаманы ХОК 2021 жылы Халықаралық Олимпиада күнін атап өтудің ең бірегей үлгісі ретінде атаған.