Ақтоты Райымқұлова кітапхана қызметкерлерін дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова кітапхана қызметкерлерін дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздің кітапхана қызметкерлерін 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен құттықтады.  

"Құрметті кітапханашылар қауымы!

Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, Ұлттық құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге және дамытуға қосып жатқан үлестеріңізге ыстық ықыласымды білдіремін.

Кітапхананың шығармашыл ұжымы әрқашан да заман талабына сәйкес кітапхананың даму стратегиясының дұрыс бағытын таңдай біледі деп зор сеніммен айта аламын.
Алдағы уақытта да егемен еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек ете берулеріңізге тілектеспін.

Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке-бірлік тілеймін",-деп жазылған құттықтау хатында.