ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Қазақстандық анимациялық фильм Үндістандағы халықаралық фестивальде марапатқа ие болды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» туындысы Roshani International Film Festival-2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» номинациясын жеңіп алды
  • Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының жалпы есебінде 1-ші орынды иеленді. Біріншілікке 27 елден 700-ге жуық спортшы қатысты
  • 2023 жылдың басынан бастап дене шынықтыру және спорт саласындағы 400-ге жуық маман біліктілік арттыру курстарынан өтіп, тиісті сертификаттар алды. Биыл 17 тегін курс жоспарланған. 700-ге жуық адамды қамту жоспарланып отыр
  • Бірнеше жыл ішінде Қазақстандағы ойын мекемелерінің саны 50 есеге азайды. Ойын бизнесі туралы заңнамаға 62 түзету әзірленді. 2023 жылдың басынан бастап 6 ойын лицензиясы сот тәртібімен тоқтатылды. Осыған ұқсас жұмыс тағы 7 ұйымға қатысты жүргізіліп жатыр
  • Асхат Оралов TikTok өкілдерімен кездесті. Компанияның өңірлік басшылары мен менеджерлері бар шетелдік делегацияны TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи бастап келді. Тараптар қазақ тіліндегі контентті дамытуды, сондай-ақ туризмді, мәдениет пен спортты насихаттау мәселелерін талқылады
  • Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбы аясында депутаттар, жазушылар, журналистер, этномәдени орталықтардың басшылары, оқытушылар, сарапшылар және басқа да көрнекті қайраткерлер мәдениет пен спорттың өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шарада министр Асхат Оралов модератор болды.