ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Каирде Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы, Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай қазақстандық делегацияның қатысуымен ғылыми-практикалық конференция және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері аясында отандық музыканттардың қатысуымен гала-концерт өтті
  • ҚР Ұлттық музейіндегі ислам мәдениетінің көрмесі, Астанадағы екіжақты үкіметаралық комиссияның VI отырысы және қазақстандық артистердің Мысырға сапары: Асхат Оралов Мысыр Араб Республикасының Мәдениет министрімен кездесті
  • ҚР МСМ көкпардан ҚР чемпионатын «Ұлы дода» атты жаңа форматта өткізуді жоспарлап отыр. Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорттың танымалдылығын арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту үшін жүйелі жарыстар өткізуге ниетті,-деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек
  • Қазақстандық мюзикл Кореядағы фестивальде үздік танылды
  • Қазақстандық спорт мектептерінің оқытушы-жаттықтырушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады
  • Қазақстан құрамасы тас жолда велоспорттан Азия чемпионатында екінші алтын медаль жеңіп алды. Жарыс 13 маусымға дейін жалғасады. Париж-2024 олимпиадасына қатысу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар ойнатылады
  • ҚР МСМ жанындағы Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің 200 студенті жазғы уақытта жұмыспен қамтамасыз етіледі
  • ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысын II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Президент Жарлығы, мәдениет министрлерінің кездесуі, гала-концерт және көрмелер: Алматыда халықаралық ұйымның 30 жылдығы аталып өтті.