
Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды.
Ерлер мен әйелдер арасындағы командалық сында (микс) отандастарымыз үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина өнер көрсетті.