ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Арман Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
  • Ташкентте өткен әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшылардың жеке жаттықтырушылары Мемлекет басшысының атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды
  • Мәдениет және спорт министрі Түркияда өткен Әлем кубогындағы алтын медаль жеңіп алған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады
  • Таяу Шығыс туристері Қазақстанды жиі таңдайды. Бұл туралы араб бизнес-басылымы хабарлады. Журналистер мұны жақында Дубайда өткен Arabian Travel Market халықаралық көрмесінде қазақстандық туристік компаниялардың араб туристерін қабылдау бойынша келісімшарттар жасағанымен байланыстырады
  • Биыл өңірлерде жаңадан 36 спорт нысанын салу жоспарлануда. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек мәлімдеді
  • Асхат Оралов Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасының негізгі тармақтары туралы айтып берді. Құжатта жаңадан 345 мәдени нысан салу және 1420 жұмыс істеп тұрған мәдени нысанды жөндеу, Қазақстан мәдениетінің элементтерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енгізу, «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту, музей қорларын цифрландыру, жалпыға қолжетімді мемлекеттік кітапханаларды көпфункционалды білім беру-ағарту орталықтарына айналдыру және басқа да маңызды жобалар қарастырылған
  •  Әсем Орынбай Алматыда өткен стенд атудан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды
  • Министрлік ерекше қажеттіліктері бар артистер мен инклюзивті шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетуді жалғастырады. Ол үшін жақында бекітілген Мәдени саясат тұжырымдамасында нақты шаралар қарастырылған. Мысалы, мамандарды оқыту және осы топтың балаларының қатысуымен спектакльдер қою
  • Асхат Оралов әнші Алтыншаш Мұқатаеваның шығармашылық кешіне қатысты
  • Өзара визасыз режим және Қазақстан мен Мысыр арасындағы тікелей рейстер санының артуы: Асхат Оралов Мысыр елінің ҚР-дағы Елшісімен кездесті
  • Мәдениет және спорт министрлігі оқушыларға жазғы демалыс кезінде өткізілетін мәдениет, спорт және туризм саласындағы іс-шаралар туралы ақпарат жариялады.