
Ақтоты Райымқұлова цирк қызметкерлерін Халықаралық цирк күнімен құттықтады.
"Құрметті цирк қызметкерлері!
Сіздерді Халықаралық цирк күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер жанкешті де қызықты қойылымдарыңызбен көрерменнің қошеметіне бөленіп жүрген майталман өнерпазсыздар. Əр кез көңілді карнавалдар ұйымдастырып, халықтарды достық, бауырмалдыққа жұмылдырып келесіздер.
Алдағы уақытта да тың бастамаларыңызға сəттілік серік болсын!
Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен биік белестер тілеймін!,-деп жазылған құттықтау хатында.
Айта кетейік, бүгін 18 сәуір - Халықаралық Цирк күні.
Жыл сайын сәуір айының үшінші сенбісінде бүкіл әлемде халықаралық цирк күні (World Circus Day) атап өтіледі.
Бұл мереке 2009 жылы Еуропа цирк қауымдастығы (European Circus Assotiation) мен Дүниежүзілік цирк федерациясының (Federation Mondiale Du Cirque) бастамасымен дүниеге келген.
Осынау мереке күні еліміздің цирк ұжымдары әдетте Ашық есік күндерін, арнайы бағдарламалар, көрмелер, карнавалдар, қайырымдылық акцияларын өткізеді.