
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «1 маусым – Балаларды қорғау күнінде» жасөспірімдерге базарлық ретінде «БРАЗИЛИЯ БАЙЛЫҒЫ» ертегісінің арнайы көрсетілімін ұсынады.
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде бүлдіршіндер назарына «Бразилия байлығы» ертегісінің арнайы көрсетілімін өткізеді. Басталуы: 17.00. Авторы – М.Машаду. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қоюшы суретші – Шынар Елембаева Музыкамен көркемдеуші – Қайрат Тоқымбетов. Хореограф – Салтанат Сұңғат.
Бразилия байлығы? Ол алтын ба, әлде бриллиант па? Олай емес, ондай байлықты бұған дейін сен көрген жоқсың, балақай! Оны тек спектакльді тамашалай отырып Бразилия байлығының құпиясын біле алатын боласың. Құпиясы көп спектакльден - бағбаншы, Манеку, Люсия, Гаспар, Флора,Симон және Хамелеонның кім екенін танитын боласың.
Ертегі ел мен жерді, қазба байлықтарын қастерлеуге жас ұрпақты тәрбиелейді.
Қойылымға кіру тегін.