Оқушыларға жазғы демалыс кезінде өткізілетін мәдениет, спорт және туризм саласындағы іс-шаралар туралы ақпарат

Оқушыларға жазғы демалыс кезінде өткізілетін мәдениет, спорт және туризм саласындағы іс-шаралар туралы ақпарат
  • Мәдениет саласында 500-ден астам, спорт және туризм салаларында 300-ге жуық іс-шара өткізіледі
  • 114 үйірме мен секция мемлекеттік тапсырыс аясында тегін қызмет көрсетеді
  • Kids go free бағдарламасы бойынша 2 000-нан астам бала тегін ұшақ билетімен қамтылады
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Children Paralympic Games 2023 инклюзивті спорт фестивалі өтеді
  • «Жазғы кино» жобасы аясында мектеп оқушыларына қазақстандық көркем және анимациялық фильмдер тегін көрсетіледі
  • Республикалық театрлардың репертуарында жазғы демалыс кезінде «Сиқырлы терезе», «Туған күн», «Әріптер әлеміне саяхат», «Ойнайық және ойлайық», «Кішкентай Мук», «Пілдің қызықты әрі шытырман оқиғасы» сияқты спектакльдер мен қойылымдар көрсетіледі
  • Музейлер мен тарихи орындарға тегін экскурсиялар ұйымдастыру, кітапханаларға бару, спектакльдер мен қойылымдар көрсету сияқты көптеген мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.