Асхат Оралов олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты

Асхат Оралов олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты

«Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған және осы спорт түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатыстым.

Жарысқа әлемнің 6 елінен 150 палуан қатысады. Бұл Қазақстан, Әзірбайжан, Израиль, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері.

Ұлы чемпионды еске алу үшін бір минут үнсіздіктен кейін мен құттықтау сөз сөйлеп, көрермендерге қошемет көрсетіп, палуандарға сәттілік тіледім. Ашылу салтанатына Дәулет Тұрлыханов пен Жақсылық Үшкемпіровтің үлкен ағасы Сәт Тоқпақбаев та қатысты.
Жекпе-жек сарайындағы атмосфера өте жағымды болғанын атап өткім келеді. Спорт ғимаратына жиналған көрермендер қонақтарды жылы қарсы алып, спортшыларымызды белсенді қолдады.

Жас спортшыларға басқа елдерден келген құрдастарымен бәсекелесуге және өз күштерін жоғары деңгейде тексеруге мүмкіндік беретін мұндай турнирлер өте маңызды. Мұндай жарыстар басқа елдермен қарым-қатынасты нығайтады, өйткені спортта шекара жоқ.

Қорытындылай келе, Жақсылық Үшкемпіровті еске алу турнирі жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өткім келеді. Ондағы тәжірибе біздің жас палуандарымызға болашақта үлкен биіктерге жетуге көмектеседі деп үміттенемін. Мәдениет және спорт министрлігі осындай іс-шараларды елімізде жүйелі түрде өткізу үшін барлық жағдайды жасайтын болады»,
-деп жазды министр Telegram арнасында.