
Нұрбек Оралбай Ташкентте өз салмағында (80 кг) қарсылас шақ келтірмей тағы бір мәрте әнұранымызды шырқатты.
Отандасымыз шешуші жекпе-жекте көптің қызығушылығын тудырған жекпе-жекте Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты.
Осыған дейін Нұрбек Ресей, Иордания, Түркия мен Әзірбайжаннан келген боксшыдан басым түскен.