Ақтоты Райымқұлова Мәскеудің «Геликон-опера» музыкалық театры ұжымын мерейтойымен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова Мәскеудің «Геликон-опера» музыкалық театры ұжымын мерейтойымен құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мəскеудің «Геликон-опера» музыкалық театрын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

"Құрметті Дмитрий Александрович!

Сізді Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан Мəскеудің «Геликон-опера» музыкалық театрының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы аралықта Сіздер əлемдік классиканың озық дәстүрлерін сақтай отырып, талғампаз көрерменнің ықыласына бөленіп келесіздер. Тартысты драматургиялық хореография арқылы дарынды əртістер қызықты қойылымдар сыйлап, ұжымның абыройын асқақтатып жүр. Театр сахнасындағы тың жаңалықтарды үндестіріп, үнемі дамуға деген құлшыныс Сіздердің өз істеріңіздің майталманы екендеріңізді танытады.

Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, «Геликон- опера» музыкалық театрының ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, биік белестер мен толағай табыс тілеймін!",-деп жазылған құттықтау хатында.