Arabian Travel Market 2023: Қазақстан -Таяу Шығыстан келген туристер үшін үздік трендтік дестинация танылды

Arabian Travel Market 2023: Қазақстан -Таяу Шығыстан келген туристер үшін үздік трендтік дестинация танылды

Дубайда Таяу Шығыстағы ең ірі туристік көрме – Arabian Travel Market 2023 өтті. 150-ден астам елден 2000 экспонент пен 34 000-нан астам қонақты жинаған іс-шараға Қазақстан да қатысты.

Еліміздің стендінде 13 туркомпания, 5 қонақ үй, Air Astana әуекомпаниясы, Шымкент қаласы мен Жетісу облысының туризм басқармасы ұсынылды. Стендті Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің қолдауымен «Kazakh Tourism ҰК» ҰК АҚ ашты.

Көрме аясында өткен Versatile Excellence Travel Awards  салтанатында Қазақстан Таяу Шығыстан келген саяхатшылар үшін үздік трендтік дестинация ретінде марапатқа ие болды.

«Біз БАӘ-ден туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, осы елдің азаматтары үшін 30 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге визасыз режим белгіленді, ал осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан мен БАӘ арасындағы тікелей рейстер саны Әбу-Даби мен Алматы арасында – аптасына 3 – тен 4 рейске дейін, Дубай – Астана және Дубай-Алматы бағыттары бойынша-аптасына 10-нан 14 рейске дейін артты. Google аналитикалық деректеріне сәйкес, БАӘ (5,3%) соңғы 90 күнде «Қазақстанда тұру» және «Қазақстанға ұшу» сұраныстары бойынша ТОП-10 елдің қатарына кіреді», – деді «Kazakh Tourism ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Көрме барысында отандық компаниялар шетелдік серіктестермен бірнеше келісім-шарт жасасты және Қазақстанға туристерді жіберуге бағытталған халықаралық туристік компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.