ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Қазақстандық анимациялық фильм Испанияда өткен фестивальде 1500 үміткердің арасынан үздік атанды
  • Қазақстанда алғаш рет мектептер арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді. 28 мың оқушыны қамтитын мектепте шахмат пәні факультатив ретінде енгізілді. Бірнеше апта бойы Қазақстан шахматтың әлемдік астанасына айналды
  • СҚО-ның есту қабілеті бұзылған актерлер театрының бишілері Дубайдағы фестивальде гран-при алды
  • Әзірбайжан жазушыларының Абай Құнанбайұлы туралы еңбектері, Жамбыл Жабаев бейнеленген пошта маркасын шығару, Қазақстанның Әзірбайжандағы мәдени күндері - ҚР Мәдениет және спорт министрі Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесті
  • Жүлде қоры 35 млн теңге: МСМ «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдауды бастады
  • Мәдениет және спорт министрлігі түркітілдес халықтардың ежелгі аңыздары негізінде анимациялық альманах түсіруді жоспарлап отыр
  • ҚР МСМ: Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр
  • Биыл Атырау облысының делегациясы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған Қазақстанның мәдени күндері аясында Мысырға барады. Ал 2025 жылға қарай өңірде 20 спорт нысаны салынады. Биыл 12 мәдениет нысанын жөндеу және 2 мәдениет нысанының құрылысы жоспарланып отыр - Асхат Оралов Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді
  • Атырау облысының Махамбет ауданында «Сарайшық» визит-орталығының ашылуы өтті.