Биыл Атырау облысының делегациясы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған Қазақстанның мәдени күндері аясында Мысырға барады. Ал 2025 жылға қарай өңірде 20 спорт нысаны салынады. Биыл 12 мәдениет нысанын жөндеу және 2 мәдениет нысанының құрылысы жоспарланып отыр - Асхат Оралов Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді

Биыл Атырау облысының делегациясы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған Қазақстанның мәдени күндері аясында Мысырға барады. Ал 2025 жылға қарай өңірде 20 спорт нысаны салынады. Биыл 12 мәдениет нысанын жөндеу және 2 мәдениет нысанының құрылысы жоспарланып отыр - Асхат Оралов Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді

Бүгін Асхат Оралов Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді, оған өңірдің түкпір-түкпірінен мәдениет, спорт және туризм саласының қызметкерлері, оқытушылар, шығармашылық зиялы қауым мен ҮЕҰ өкілдері, бизнесмендер, қоғам қайраткерлері бар 300-ден астам адам қатысты.

«Кездесу екі сағатқа созылды және жиыннан кейін азаматтарды жеке қабылдадым.

Облыс тұрғындарына Мәдениет және спорт министрлігінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтып бердім. Биыл Атырау облысының делегациясы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған Қазақстанның мәдени күндері аясында Мысырға барады. Ал 2025 жылға қарай өңірде 20 спорт нысаны салынады. Биыл 12 мәдениет нысанын жөндеу және 2 мәдениет нысанының құрылысы жоспарланып отыр.

Атырау облысының тұрғындары «Сарайшық» визит-орталығын қаржыландыру және дамыту, балалар туризмі, ұлттық спорт түрлерін дамыту және қолдау, ауылдық жерлерден кәсіби спорт пен жас спортшыларға демеушілер іздеу, Атырауда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған шығармашылық орталықтың ашылуы және олар үшін жабдықтар сатып алу, мұражай ашу мәселесі сияқты тақырыптарды көтерді. Домбыра, туристік мүмкіндігі зор орындарды дамыту, шағын футбол манеждері мен жаңа мұз сарайын салу, ел бойынша параспортшылардың жүріп-тұруы мәселесі, театрлардың техникалық персоналының еңбекақысы, М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрын жөндеу, әртүрлі санаттағы жаттықтырушыларға қосымша ақының айырмашылығы, спорт педагогтары мен жаттықтырушыларының еңбекақысын теңестіру, турнирлер өткізуге арналған ареналар мен кешендердің тапшылығы күрес бойынша және тағы да басқа ұсыныс-пікірлер айтылды.

Атырау облысының тұрғындарына қонақжайлық танытқандары үшін және ең бастысы бәріміз бірге ұмтылатын ашықтық үшін алғыс айтамын.

Өңірге сапарым осымен аяқталмайды. Әрі қарай мен бірнеше елдімекенге баруды, «Сарайшық» визит-орталығының ашылуына қатысып, мәдениет және спорт нысандарын аралауды жоспарлап отырмын», -деп жазды министр Telegram арнасында.