
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон келді.
« Екі мемлекет басшылары арасындағы кездесу аясында мен тәжікстандық әріптесім Камолиддин Муминзодамен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы туризмді дамыту комитеті арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойдым.
Құжат туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты арттыруға, біздің туристік субъектілеріміз арасындағы белсенді өзара іс-қимылды және бірлескен жобаларды, оның ішінде Ұлы Жібек жолы бағытын іске асыруға бағытталған іс-шараларды көздейді.
Бұл іс-шаралар өзара туристік ағымды арттыруға көмектеседі және екі елдің туризм индустриясының дамуына үлес қосады», - деп жазды министр Асхат Оралов Telegram арнасында.