Әзірбайжан жазушыларының Абай Құнанбаев туралы еңбектері, Жамбыл Жабаев бейнеленген пошта маркасын шығару, Қазақстанның Әзірбайжандағы мәдени күндері, - ҚР Мәдениет және спорт министрі Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесті

Әзірбайжан жазушыларының Абай Құнанбаев туралы еңбектері, Жамбыл Жабаев бейнеленген пошта маркасын шығару, Қазақстанның Әзірбайжандағы мәдени күндері, - ҚР Мәдениет және спорт министрі Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесті

Министр Асхат Оралов Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесіп, бірлескен мәдени іс-шараларды өткізуді талқылады.

«Бауырлас мемлекеттердің басшылары осы саладағы ынтымақтастықты күшейтуді қолдайды.

Қазір ежелгі түркі жазуларына арналған көрме ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл біздің ортақ мәдениетіміз туралы тереңірек білуге және түркі өркениетінің бай тарихына қызығушылықпен қарайтындарды онымен таныстыруға жақсы мүмкіндік.

Гюнай Эфендиева Әзірбайжанда дайындалып жатқан, Қазақстанға тікелей қатысы бар іс-шаралар туралы да айтып берді. Мәселен, биыл тамыз айында Әзірбайжан әдебиетшілерінің Абай туралы еңбектерін қамтитын кітаптың тұсаукесері жоспарланған. Ал осы айда Жамбыл Жабаев бейнеленген пошта маркасын шығару жоспарда тұр.

Сонымен қатар, Әзірбайжан тарапы тамыз айына жоспарланған халықаралық қолөнершілер фестиваліне қатысуға шақыруымызды қабыл алды. Сондай-ақ, біздің әзірбайжандық әріптестеріміз Қазақстандағы тарихи-мәдени жобаларды қаржыландыруға және ұйымдастыруға көмектесуге дайын.

Біз Әзірбайжанмен және басқа түркі елдерімен Түркі мемлекеттерінің ұйымы, ТҮРКСОЙ және басқа да бағыттар бойынша мәдени байланыстарды нығайтуға ниеттіміз. Биыл Әзірбайжанда Қазақстанның мәдени күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің әртістер мен шығармашылық ұжымдар бұл іс-шараны асыға күтеді. Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бар күшімізді саламыз», - деп жазды министр Telegram арнасында.