Ұлттық спортты дамыту басты назарда: Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Ұлттық спортты дамыту басты назарда: Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр елімізде мәдениет, спорт және туризм салаларын дамыту бағытында министрліктің атқарып жатқан жұмысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, қолға алынған реформалардың маңызы мен күтілетін нәтижесі жайында баяндады.

Кездесуден кейін Сәрсен Құранбек қоғам белсенділері мен журналистердің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қызылорда өңіріне жұмыс сапары аясында вице-министр Жаңақорған ауданындағы ипподромда жергілікті көкпаршылардың жаттығуын тамашалап, спортшылармен кездесті. Сәрсен Құранбек ұлттық спортты дамыту министрліктің күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі екенін айта келе, жүйелі түрде әрі кешенді жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді. Вице-министр аудандық спорт саласы мамандарының көкпар спортын дамытуға арналған ұсыныстарын тыңдап, пікірлерін білді.

Мәдениет және спорт вице-министрі NAMAN ATA спорт кешенінің де жұмысымен танысты. Сәрсен Құранбек жаттығу өткізіп жатқан балалармен сөйлесті. Жас спортшыларға сәттілік тілеп, олардың арасынан еліміздің намысын қорғайтын чемпиондар шығатынына сенім білдірді.