Қазақстандық инструменталды дуэт Open Italy 2023 музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды. Асхат Оралов жеңімпаздарды құттықтады

Қазақстандық инструменталды дуэт Open Italy 2023 музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды. Асхат Оралов жеңімпаздарды құттықтады

Қазақстандық инструменталды дуэт Темірлан мен Ернат Open Italy 2023 беделді музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды.

««Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» МКО солистері Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Италияға барып өнер көрсетті. Жыл сайын Песаро қаласында өтетін іс-шара 24 елден қатысушыларды жинады, олардың арасында қазақстандық дуэт үздік деп танылды.

Біздің дуэт «Адай», «Көроғлы», «Әлқисса» күйлерін, О.Сүлейменовтің West шығармасын орындап, қазылар алқасы мен көрермендерді баурап алды.

Мен Темірлан мен Ернатты жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жігіттердің қазақ музыкасын орындай отырып, халықаралық деңгейде жетістікке жеткені қуантады. Олардың өнері басқа талантты отандастарымызды шабыттандыратынына сенімдімін!»,- деп жазды министр Telegram каналында.