ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Өнерлі өрен» республикалық байқауы басталғанын хабарлайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Өнерлі өрен» республикалық байқауы басталғанын хабарлайды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 10 сəуірден бастап 6-18 жас аралығында #onerlioren хэштегімен өткізілетін «Өнерлі өрен» республикалық байқауы басталғанын хабарлайды.

Аталған байқау:

- вокал (халық, эстрадалық, академиялық),

- музыкалық аспапта ойнау (ішекті, пернелі, ұрмалы, үрмелі аспаптар бойынша),

- көркемсөз (өлең оқу шеберлері) жанрлары бойынша өтеді.

Өнерпаздар жас шамасына қарай
6-9 жас-кіші топ,
10-13-жас-орта топ,
14-18-жас үлкен топ болып үшке бөлінеді.

Байқауға қатысу үшін алдын ала сапалы түсірген бейне жазбасы мен қатысушы туралы толық ақпаратты электронды поштаға жолдайды.

Өтінім жолданғаннан кейін 3 күн мерзім ішінде арнайы тексеруден өтіп, қабылданғаны жайлы қатысушыға хабар жолданады.

Үміткерлер шығармасын жанды дауыста орындауы қажет.

Әр жанрдан 10 қатысушы топталып бақ сынайды.

Түнгі 00:00-де бір жанр, бір жас шамасындағы 10 баланың бейнежазбасы @onerli.oren инстаграмм парақшасына, #onerlioren хэштегімен және Onerli.Oren ютуб каналында жарияланады.

Дауыс беру- ЛАЙК (Like) арқылы тек инстаграмм (Instagram) парақшасында жүргізіледі. Бір лайк - бір дауыс. Бас жүлде Лайк санына қарамастан кәсіби маманның таңдауы бойынша тағайындалады.

Дауыс беру әр жанрдан 10 қатысушының бейнежазбасы жариялаған сәттен бастап, 3 тәулік бойы қабылданады, 3-ші күні 23:00-де тоқтатылады.

Жеңімпаздар 23:30-да парақшада жарияланып отырады.

Қатысушының бейнежазбасы парақшада сақталып тұрады, одан әрі қарай жиналған дауыстар мен жазылған пікірлердің байқауға қатысы болмайды.

Шынайы тіркелушілерді сүзгіден өткізу және түрлі бағдарламалар арқылы жалған дауыс жинауды(бот) болдырмау мақсатында дауыс беру тәртібі байқау парақшасына тіркелу арқылы жүзеге асыруды талап етеді.

Қатысушыларға әр жанр бойынша:
БАС ЖҮЛДЕ
1-ОРЫН
2-ОРЫН
3-ОРЫН және лауреаттық дипломы беріледі.
Бірдей дауыс жинаған өнерпаздар болған жағдайда, орын белгілеу жүйесі де бірдей қарастырылған.

Диплом электрондық форматта көрсетілген поштаға жіберіледі.

Байқау жанрлары алдын ала жиналған бейнежазбалардың санына қарай жүреді.

Байқау соңында БАС ЖҮЛДЕ алған қатысушылар туралы толық ақпарат парақшада жарияланады.

БЕЙНЕЖАЗБАМЕН қоса ҮМІТКЕР туралы МӘЛІМЕТТЕР ДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖІБЕРІЛУІ ТИІС

- Аты-жөні
- Жасы
- Қай жерден /облыс, қала, аудан, ауыл/
- Мектебі
- Сыныбы
- Байқау жанры
-- Байқауға қатысатын шығармасы
- Авторлары
- БЕЙНЕТАСПА АТАУЫ МЕН ҰЗАҚТЫҒЫ
- Үміткердің байланыс телефон номері

СӘТТІЛІК, ҚҰРМЕТТІ ҚАТЫСУШЫЛАР!

Барлық сұрақтар бойынша
onerli.oren@mail.ru
Байланыс тел.: +77769603021
+77758402003