ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қоры 8282 дана кітаппен толықты
  • 2023 жылдың басынан 716 нысан eQonaq жүйесіне қосылды
  • Түрік туристік компаниясы алдағы 3-5 жылда Қазақстанға жылына 80 мыңға дейін шетелдік турист әкелуге ниетті: Алматыда туристік фирмалардың 1500 өкілінің қатысуымен форум өтті
  • Луврда Қазақстанның Ұлттық көрмесін өткізу: Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов музей басшыларымен кеңес өткізді
  • Министр Асхат Оралов Павлодар облысында адамды өрттен құтқарған мәдениет үйінің қызметкеріне алғыс білдірді
  • Мәдениет және спорт министрлігі TikТok-пен бірге Дүниежүзілік кітап күніне арналған акция бастады
  • Eurasian Book Fair - 2023 VI Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі елордада 40 елдің өкілдерін жинады
  • JCI стандарттары бойынша клиникалар және eQonaq арқылы пациенттерді тіркеу: Мәдениет және спорт министрлігі медициналық туризм тақырыбын талқылады. 2022 жылы қазақстандық санаторий-курорттық ұйымдар 900 шетелдік туристке, ал медициналық емдеу мекемелерінде 3 884 шетелдік пациентке қызмет көрсетті.
  • Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент атынан күрестен Азия чемпионатының жүлдегерлеріне құттықтау хат табыс етті
  • Мәдениет және спорт министрлігі VI Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалін өткізеді
  • 10 орынға дейін ұлғайту: Қазақстанда ұлттық құрамаларды жасақтаудың жаңа ережелері күшіне енді.