
19-23 сәуір аралығында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Eurasian Book Fair - 2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара.
Көрме-жәрмеңке аясында кітаптарды баспа бағасымен сатып алуға, кітапсүйер қауыммен кездесіп, жаңа кітаптардың презентациясын тамашалауға болады. Сондай-ақ ақын-жазушылардан қолтаңба алып, түрлі шеберлік сабақтарына қатысуға болады.
Көрме барысында 6 номинация бойынша «Жылдың ең үздік кітабы» анықталады.
Көрменің ашылу салтанаты: 19 сәуір, сағат 11:00
Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы 53/1, ЕХРО халықаралық көрме орталығы.
Кіру тегін.