
Астанада шахмат тәжі үшін талас жалғасып жатыр. Бүгін, қытай гроссмейстері Дин Лижэнь ресейлік Ян Непомнящийге қарсы алтыншы партияда жеңіске жетті.
Кездесу нәтижесінде негізгі матчтағы есеп 3:3 болып теңесті.
17 сәуірде шахматшылар демалады.
Жетінші партия 18 сәуірде, Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.