ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  •  Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы матчтың алғашқы партиясында ойынды бастап берді
  • Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматы қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша кеңес өткізді
  • «Халық әртісі» атағы бар мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы 2 есе артты
  • Этноспортты дамыту және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Вице-министр Сәрсен Құранбек Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Бас хатшысымен кездесті
  • 2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің күнделікті еңбекақысы 62,5% - ға өсті
  • Алматыда Қазақстан жазушыларының пленумы өтті
  • Мәдениет және спорт министрі Үндістанда өткен әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшылармен кездесті
  • Қазақстандық қонақүйлердің, демалыс базаларының, жатақханалардың және басқа да орналастыру орындарының табысы 67% - ға өсіп, 183 млрд теңгеге жетті
  • Соңғы екі жылда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиаданың жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшері 5 есеге жуық өсті
  • ҚР Ұлттық музейінде «Палеонтология» залы мен қолөнершілер орталығы ашылды
  • Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті мен француз университеті бірлескен білім беру бағдарламасымен жұмыс істейді
  • Мәдениет және спорт министрі қазақстандық теннисшілерді Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы Билли-Джин Кинг кубогының іріктеу матчындағы жеңісімен құттықтады
  • Қазақстан құрамасы Астанада өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатын 7 алтын медальмен аяқтады.