
Бүгін Алматыда әдеби жыл қорытындысы аясында Қазақстан Жазушылар одағының Пленумы өтті. Пленумға Қазақстан Жазушылар одағының 103 басқарма мүшесі қатысты.
Жазушылар одағының Жарғысына сәйкес Пленумнен кейін 30 күн аралығында Құрылтай өтуі керек. Сондықтан жиын барысында Одақ құрылтайын өткізу уақыты жөніндегі ұсыныстар айтылды.
Басқарма мүшелері ашық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Жазушылар одағының ХVІ Құрылтайын 2023 жылдың 12 мамырында өткізу жөнінде бірауыздан шешім қабылдады.