
Әйелдер арасындағы жарыста 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жәмила Бақбергенова жапондық Сумире Ниикураны ұтып, Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Финалдық кездесу 5:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Бұл біздің палуандарымыздың Азия біріншілігінде алған үшінші алтын медалі.
Осыған дейін Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов Азия чемпионы атанған болатын.