Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші алтын медалі

Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші алтын медалі

Әйелдер күресінде 76 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эльмира Сыздықова Азия чемпионы атанды. Отандасымыз финалдық белдесуде қырғыз спортшысы Айпері Медетқызын 5:0 есебімен ұтты.

Сондай-ақ бүгін Марина Седнева (55 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола медаль еншіледі.

Бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші алтын медаль. Кеше грек-рим стилінің палуаны Ибрагим Магомадов өз салмағында үздік атанған болатын.