
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кəсіпқой боксшылар арасында 72 килоға дейінгі салмақта IBF жəне IBO алтын белбеулерінің иегері Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.
"Құрметті Геннадий!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз əлемдік бокстағы есім-сойы елеулі былғары қолғап шеберісіз. Көптеген байрақты бəсекеде Егемен Еліміздің абыройын асқақтатып, қазақ бокс мектебінің дарынды боксшыларға кенде емес екенін танытып келесіз. Мұхиттың арғы бетінде өтетін əр жарқын жекпе-жегіңіз жанкүйерлерге қуаныш сыйлайды. Сіздің жоғары спорттық шеберлігіңіз бен жетістіктеріңіз жас спортшылар үшін үлгі.
Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дəулет тілеймін!",- деп жазылған құттықтау хатында.