
Елімізде 16 наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты Төтенше жағдай жарияланған сəттен бастап Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті қашықтан оқытуға көшіп, онлайн семинар мен тренингтер өткізіп келеді.
17-18 наурызда университеттің ұйымдастыруымен Ақмола облысының туризм басқармасы «Орындарды сатуға арналған сандық маркетинг құралдары» атты онлайн тренингтің бірінші модулін өткізді. Жиында турбизнес жайлы мол ақпарат беріліп, алдыңғы қатарлы интернет платформалардың жəне қазіргі нарықтық жағдай баяндалды.
Тренинг соңында мамандарға аталған платформаларды қолдануға байланысты нақты ұсыныстар айтылды.
Қазіргі уақытта 10 онлайн-лекция дайын. Олар: «Туризм менеджменті», «Туризм инфрақұрылымы», «Халықаралық туризм», «Туризм статистикасы», «Халықаралық туризм жəне коронавирус», «English for guides», «Бизнес-этикет жəне ереже бойынша ойын» т.б тақырыпта өтеді.
Қашықтан оқытуға байланысты Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті You tube арнасын ашып, 1 сəуірден бері туризм саласында онлайн тренингтер өткізіп келеді.
Сонымен қоса 1 сəуірден бастап Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті мен Алматы облысының туризм басқармасы бірлесіп, тур бизнес өкілдеріне арнап «Travel tomorrow» тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді.
Ал 4 сəуірден бастап гид жəне экскурсия қызметкерлеріне сертификат берілетін онлайн-тренингтің екінші модулін ұйымдастыру жоспарланған.
Бүгінде «Туризм саласындағы күтпеген жайттар», «Сыртқы туризм мəселелері. Туроператор мен турагенттіктердің қаржылық шығыны», «Турбизнес мəселелерін шешуге бағытталған антикризистік жоспарлар» сынды тақырыпта алдын ала видеолар жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Еліміздегі ішкі туризмді дамыту» тақырыбында келесі турбизнес өкілдерінің дəрісі қарастырылған. Олар: педагогика ғылымының докторы, профессор Евгений Никитинский, экономика ғылымының кандидаты, КТА президенті Роза Асанбаева, КТА директоры Рашида Шайкенова, педагогика ғылымының докторы, доцент, ҚР-ның еңбек сіңірген экскурсия қызметкерлері, ЮНЕСКО бапкері Бақыт Оразымбетова, жоғары деңгейлі экскурсияшы Олег Лютерович.
Айта кетейік, турбизнеске арналған онлайн тренингтер туризм саласында кадр саясатын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.