Асхат Оралов еліміздегі театр қызметкерлерін дүниежүзілік театр күнімен құттықтады

Асхат Оралов еліміздегі театр қызметкерлерін дүниежүзілік театр күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов еліміздегі театр қызметкерлерін дүниежүзілік театр күнімен құттықтады.

«Еліміздегі театр қызметкерлерін дүниежүзілік театр күнімен құттықтаймын. Күн сайын жүздеген актер, режиссер, драматургтер мен музыканттар мәдениетімізге баға жетпес үлес қосып, көрермендерді өз талантымен қуантады.

Әрине, бұл күні сахна сыртында еңбек ететін, дегенмен сахналық қойылымға елеулі үлес қосатын адамдарды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Макияж суретшілері, костюмерлер, сахна қызметкерлері, көркемдік жетекшілер және басқа да кәсіпқойлар театрды көркемдік пен мазмұнға толтырады. Мен оларды да шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 21 театр салынып, 11-і жаңа ғимаратқа көшті. Қазір елімізде 65 театр жұмыс істейді, оның 55-і мемлекеттік театр. Жыл сайын мыңдаған қойылым сахналанады, жүздеген премьера мен гастрольдер өтеді.

Қазақстанда театр өнерінің дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табыды. Алдағы жоспарда - театрларға «ұлттық» мәртебе беру, бұл қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға жақсы мүмкіндік. Сондай-ақ, бірнеше театр қалпына келтіріліп, мүмкіндігінше шетелде гастрольдер ұйымдастырылады. Мен театрларға жиі барып тұрамын, актерлермен және жетекшілермен кездесемін және түйінді мәселелерді зерттеймін. Біздің театрларымыздың тарихы бай. Мен осы салада еңбек ететіндердің барлығына шығармашылық шабыт пен мәдени мұрамызды арттыруға күш-жігер тілеймін.

Еліміздің ең шалғай өңірлерде де барлық жастағы көрермендерге спектакльдер қоятын шығармашылық ұжымдар бар. Мысалы, Түркістан облысының Жетісай қаласында орналасқан Құрманбек Жандарбеков атындағы театрға барып жағдайын көзбен көріп, таныстым. Нәтижесінде ғимаратты жөндеуге, ал труппаға жаңа спектакльдер қоюға көмектесу туралы шешім қабылданды.

Театрға деген сұранысты сандар да растайды. Мысалы, өткен жылы Қазақстанның мемлекеттік театрлары 1323 көрсетілім өткізген, қойылымдарды 400 мыңға жуық көрермен тамашалады.

Дүниежүзілік театр күнімен тағы да құттықтаймын!»,- деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.