ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті:
- Асхат Оралов елордадағы «Жастар» театрына барып, отандық авторлардың қойылымдарының санын 600-ге дейін арттыру жоспары туралы айтты
- Хорватияда өткен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 6 медаль жеңіп алды
- Ақтау, Алматы және Түркістан - Kids go Free бағдарламасы бойынша сұранысқа ие үш бағыт
- Парабиатлон мен парашаңғы жарысынан Әлем кубогының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік бестікке енді
- ТҮРКСОЙ мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, шығармашылық зиялы қауым Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ТҮРКСОЙ ұйымы 2023 жылды Т.Жүргенов жылы деп жариялаған болатын
- Музыкалық аспаптар сатып алуға, педагогтерге қосымша төлемдерге және балаларды тегін тамақтандыруға Республикалық эстрада-цирк колледжіне қосымша 68 млн теңге, Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 258 млн теңге, Ахмет Жұбанов атындағы мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 161 млн теңге бөлінетін болды. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматы қаласының шығармашылық оқу орындарын аралады
- Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Президенті алдағы Азия ойындары мен Олимпиадада Қазақстан құрамасының қарқынын жоғары бағалады
- Қазақстанда 2025 жылға дейін 113 жаңа спорт нысанын салу жоспарланып отыр
- Әзірбайжандағы концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар және қазақстандық кино күндері: Мәдениет және спорт министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
- Мәдениет және спорт министрлігі TikTok платформасымен бірге Наурыз мейрамына орай онлайн-фестиваль өткізеді.