
Елдегі төтенше жағдайға байланысты Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты оқу орындары қашықтан оқыту бойынша шараларды қолға алды.
"Мәдениет, өнер және спорт саласы бойынша білім беретін ұйымдар оқу процесін Білім және ғылым министрлігі ұсынған нұсқаулар мен әдістемелік материалдарды сынақтан өткізіп келеді. Мектеп-интернат, колледж ұстаздары әсіресе, шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың жағдайын жан-жақты зерделей келе «Күнделік», «Googl klass room», «ZOOM», «WhatsApp», «Telegram» сияқты 5 платформаны қолданады,"-деді Ақтоты Райымқұлова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, қазіргі таңда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша «АИС Platonus» және қашықтан оқыту жүргізілетін MOODLE, Zoom платформаларына көшкен.
Ал «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» да мемлекеттік тілді онлайн оқытуды бастап кетті.