
Ақтоты Райымқұлова бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жалпы, төтенше жағдайға байланысты елімізде жоспарланған 15 халықаралық спорт жарыстарының мерзімдері кейінге шегерілгенін мәлімдеді.
"Сондай-ақ барлық спорт федерацияларына биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен спорттық жарыстарының өткізу уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалды.
Өздеріңіз білетіндей, төрт жылдықтың басты бәсекесі саналатын, жазғы олимпиада ойындарының да келесі жылға ауыстырылғанын білесіздер. Бұл ретте біздің спортшылар дайындық жұмыстарын жалғастыра береді. Тек Ұлттық Олимпиада комитеті, түрлі федерациялармен бірге атлеттеріміздің жаттығу кестесіне өзгерістер енгізілді. Дәл қазір спортшылардың барлығы дерлік үй жағдайында дайындықтарын пысықтап, жаттығуларын жасап жатыр,"-деді министр.