Асхат Оралов Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Асхат Оралов Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шараға шығармашылық зиялы қауымның көрнекті өкілдері, сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыжы қатысты.

«Іс-шара жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» атты жаңа кітабының тұсаукесерінен басталды. Айтпақшы, көрнекті мемлекет қайраткеріне арналған бұл роман алты тілге аударылып, басқа түркі елдерінде де басылып шығады.

Одан кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттерінің қатысуымен концерт өтті. Студенттер тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі туралы баяндайтын театралды, музыкалық және би қойылымдарын көрсетті. Жиынның ашылу салтанатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып бердім.

Сондай-ақ Абай атындағы театр ғимаратында атақты мерейтой иесіне арналған картиналар мен мүсіндер көрмесі өтті.

Әрине, бұл біз атап өткен маңызды күнге орайластырылған жалғыз іс-шара емес. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл бойы еліміздің барлық аймағында 100-ден астам түрлі іс-шара өтеді. Темірбек Жүргеновтің мерейтойы - бұл басқа түркітілдес елдерде де атап өтілетін халықаралық ауқымдағы оқиға. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ ұйымы 2023 жылды «Жүргенов жылы» деп жариялады», - деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.