Ақтоты Райымқұлова «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметражды фильмінің түсірілім тобын құттықтады

Ақтоты Райымқұлова «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметражды фильмінің түсірілім тобын құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметражды фильмінің түсірілім тобын құттықтады.

"Құрметті «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметражды фильмінің түсірілім тобы Сіздерді British International Amateur Film Festival (BIAFF) халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде «Ең үздік фильм» және «Ең үздік сценарий» номинациясында жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Аталған қос жүлде түсірілім тобының тынымсыз еңбегі мен кəсібилігіне берілген баға деп білемін. Туындыда режиссер Іңкәр Әбдраш көтерген əлеуметтік мəселе кино сыншылар мен көрермендерді бей-жай қалдырмайды. Қазіргі коронавирус пандемиясына жəне Төтенше жағдайға қарамастан осындай шебер фильм əрбір адамға ой салары анық.

Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қажымас қайрат, толайым табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!",-деп жазылған құттықтау хатында.

Айта кетейік, Іңкәр Абдрашованың дебюттік фильмінің желісі өзімшіл актрисаның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісінің өмірін баяндайды. Картинаның продюсерлері Фархат Әбдірайымов пен Гүлшат Смағұлова. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген.