Хорватияда өткен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 6 медаль жеңіп алды

Хорватияда өткен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 6 медаль жеңіп алды
 

Әлем Кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алған жас гимнасттар ғана емес, дзюдошылар да қазақстандық жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Еліміздің спортшылары Хорватияның Загреб қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында 6 медаль алды. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 3 қола. Жалпы медаль есебі бойынша біздің құрама 5-ші орынға ие болды.

Турнирге әлемнің 35 елінен 800-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан қоржынына Ерхан Мұрат пен Сабина Юлдашева алтын медаль салса, күміс жүлдені Оралбек Байзақ алды. Нұрсұлтан Ысқақов, Еділ Ерболұлы және Досбол Балғабай қола медаль иегерлері атанды.

«Чемпиондарымызды және олардың жаттықтырушыларын осы жетістігімен құттықтаймын және болашақта да жарқын жеңістер тілеймін! Қазақстанның дзюдо мектебі осындай талантты жастарды тәрбиелеп жатқаны бізге зор үміт сыйлайды»,- деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.