Оқушылар мен студенттер онлайн сабақтарға белсенді қатысуда

Оқушылар мен студенттер онлайн сабақтарға белсенді қатысуда

Қазақстанның елді мекендерінде төтенше жағдайлар мен карантиндік шаралар кезеңінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне бағынысты спорттық білім беру мекемелері қашықтан жұмыс режиміне ауысты.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы және Риддер қалаларында орналасқан 4 олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі, сондай-ақ, Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжі жұмыстың жаңа түріне көшуге белсенді дайындалуда.

Аталған ұйымдардың педагогтарымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған әдістемелік материалдар мен ұсыныстар зерттеліп, сынақтан өткізілді.

Педагогтар оқушылардың, әсіресе алыс ауыл-аймақтарда тұратындардың мүмкіндіктерін зерттеп, бес платформаны тадап алды: «Кунделик», «Googl klass room», «ZOOM», «WhatsApp», «Telegram».

2020 жылдың 16 наурызынан бастап педагогтар онлайн сабақтар дайындауда үлкен жұмыстар атқарды.

Бүгінгі күннен бастап, яғни 2020 жылдың 1 сәуірі спорттық мектеп-интернаттар және колледждер оқушыларымен қашықтан байланыс орнатып, сабақтарын өткізді.

Ал оқушылар мен студенттер онлайн сабақтарға белсенді қатысты.