ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Халықаралық биатлоншылар федерациясының президенті Қазақстанның жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жақсы дайындалғанын атап өтті. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жексенбіде Щучинск қаласында өткен жарысты тамашалады.

  • Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты қабылдады. Мәдениет және спорт министрі Президентке министрліктің мәдениет, спорт және туризм индустриясын дамытуға бағытталған бастамалары туралы мәлімдеді.

  • Асхат Оралов мәдениет және спорт саласының көрнекті өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті.

  • 2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанда 17 маңызды тарих және мәдениет ескерткіші қалпына келтірілді.

  • Қазақтың киіз үйі Германиядағы ірі халықаралық туристік көрмеде көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

  • Министр Асхат Оралов пен кәсіпкер Тимур Турлов 3000 баланы қамтитын футболдан жасөспірімдер лигасын құру мәселесін талқылады.

  • Биыл Алматы облысында олимпиадаға даярлаудың республикалық базасын пайдалануға беру жоспарланып отыр, онда бір мезгілде 23 спорт түрінен 2000-нан астам спортшы жаттыға алады.

  • 2025 жылға дейін Қазақстанда 113 жаңа спорт нысаны салынады.

  • Биылдан бастап балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік беретін Kids go Free бағдарламасына қатысу үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді.

  • Министрлік азаматтарға тур құнының 20% - на дейін қайтаруға мүмкіндік беретін туристік кэшбек енгізуді жоспарлап отыр.

  • 2029 жылға дейін еліміздегі театрларда қазақстандық авторлардың қойылымдарының санын жылына 600-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

  • Министрлік 7 республикалық мәдениет ұйымына «Ұлттық» мәртебе беру туралы мәселені қарастырып жатыр, бұл олардың қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.