
Ертеңнен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Қазақ радиосының бірлескен жаңа жобасы эфирге жол тартпақ.
Халқымыздың баға жетпес қазыналарының бірі – ән-күйлеріміздің тарихына, туынды авторларының өмірі мен шығармашылығына қанығып, әуезді ән, күмбірлеген күймен құлағыңыздың құрышын қандырғыңыз келсе «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» бағдарламасын тыңдаңыздар.