ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті:
- Қазақстандық мергендер Кувейтте өткен халықаралық турнирлерде 13 медаль жеңіп алды
- Мемлекет бизнеске туристік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін Мәдениет және спорт министрлігінің заңнамалық нормаларының негізінде өтейді
- Қысқы спорт түрлері бойынша өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды
- Министр Асхат Оралов Халықаралық дзюдо федерациясының Бас директорымен Қазақстанда екі ірі турнир өткізуді талқылады
- Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Гүлдер" ансамблі өзінің алғашқы концертін жаңартылған құрамда өткізді. Асхат Оралов "Гүлдер" ансамблінің ұжымын дебютімен құттықтады
- Асхат Оралов қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, мәдениет, спорт, туризм және архив қызметкерлерінің еңбегін атап өтті
- Қазақстанда шетелдіктерден туристік жарнаны есептеу принципі қайта қаралатын болады
- Президенттің тапсырмасы бойынша мәдениет және архив қызметкерлерінің еңбекақысы жыл басынан бері тағы 22 пайызға өсті
- Щучинск қаласында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті: Президент Қ. Қ. Тоқаев турнир қатысушыларына құттықтау жолдады
- Мемлекеттік органдар, туризм, киноиндустрия, медиа, цифрлық сектор өкілдері креативті индустрияның дамуын талқылады
- Асхат Оралов Qazaqstan телеарнасын 65 жылдығымен құттықтады
- Щучинск қаласында биатлоннан әлем чемпионатының ашылуы: Асхат Оралов халықаралық ұйымның Президентімен кездесті.