Асхат Оралов Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды

Асхат Оралов Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Ол шығармашылық ұжыммен - қоюшы режиссерлермен, актерлермен, музыканттармен кездесті.

«Биыл 30 жылдық тарихы бар театрда бірден 8 премьера сахналанады. Дайындалып жатқан спектакльдердің көпшілігі отандық авторлардың туындылары екені қуантады. Сонымен қатар әртүрлі жанрлар тарихи драмалардан бастап, эксперименттік жұмыстарға дейін қамтылған.

Елімізде театр өнерінің ертеден қалыптасқан дәстүрі мен бірқатар көрнекті қойылымдары бар. Жаңадан қойылатын спектакльдермен қатар классикалық туындылардың да жаңаша көзқараспан қайта сахналанып жатқаны құптарлық.

Министрлік шығармашылық жұмыстарды жалғастыру бағытында, барынша жағдай жасайды. Бұл ретте, еліміздің барлық өңірлеріне бірдей назар аударатын боламыз»,-деді ол.